Ата-аналарға психолог кеңесі » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2021

Ата-аналарға психолог кеңесі

 Ата-аналарға арналған психологиялық  кеңес
1. Таңертен сабаққа барарда балаңызды жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен
күлкіңіз ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі түкке тұрмайтын нәрсеге бола жүйкесін жұқарт паңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2.Егер балаңыз сабақтан кешігіп қалса «Бол да, болға» салмаңыз,
 оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Балаңызды (әсіресе таңертең) ашқұрсақ жібермеңіз.
4. «Тыныш жүр», «бұзық болма», «бүгін екі алып келсең құртамын» деген ескертулерді айта бермеңіз.Керісінше оған жылу сыйлап, жақсы баға алуына тілектестік білдіріңіз.
 5. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе бас салып сұрақтың астына алмаңыз, сабасына түскен соң, өзі ақ айтып береді.
6. Есіктен кірмей жатып «Бүгін қандай баға алдың?» деп сұрай бермеңіз.
Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенінескеріңіз.
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгіме барысына
 балаңызды қатыстырмаңыз.
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз.Олар да 2-3сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап демалсын.
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген
 кезде үзіліс жасаған жөн.
10. Сабаққа әзірленіп жатқан балаға дөрекі сөйлемеңіз, желкесіне төніп тұрмаңыз.
 Керісінші кеңес беріңіз, онымен бірге дайындалуға көмек беріңіз.
 11. «Егер, сен осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың
жүйкесіне әсер етеді. Одан да әңгімелесе отырып балаңызға жайлап көмектесіңіз.
12. Күнде жарты сағат ештеңкеге алаңдамай, балаңызбен міндетті түрде
еркін тақырыпта сөйлесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан
 зорығуы мүмкін немесе басқа да жағдай.
14. Егер балаңыз сіздің айтқандарыңызды мүлдем орындамайтын болса,
онда сынып жетешісімен, ұстаздарымен, психолог маманымен, дәрігермен сөйлесіңіз.