Оқушыларға психологиялық кеңес » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2021

Оқушыларға психологиялық кеңес

Оқушыларға психологиялық кеңес

Мектеп қабырғасында жүргенде беделді де білімді оқушы боламын десең, біз ұсынған қағидаларға көз жүгіртіңіз. Бұл қағидаларды қалыптастырып алсаңыз, алдағы ғұмырыңызға да септігі тиері сөзсіз.
1. Теледидардың алдында көп отырмаңыз. Ешқашан. Ол сенің уақытыңды өлтіреді.
2. Алға жылжы деген қанатты сөздер сенің ұраның. Әрекет ет, көмектеседі.
3. Басыңа жақсы ой келді ме? Жылдам жазып қой! Ол үшін арнайы дәптер,файл немесе блог ашып    қой.
4. Эмоциялық және физикалық денсаулығыңды мұқият сақта!Дене шынықтыру және өзіңді жақсы көңіл күйде ұстау сенің табысқа барар жолың!
5. Сабаққа кеш қалып жатсың ба? Ол туралы хабар берудің амалын тап!
6. Өзгелердің армандарына күлме. Оданда өзің арманда!
7. Өзіңе опасыздық жасаған адамға қайта оралма! Олар ешқашан өзгермейді.
8. Ата- ана аналарыңның жанында көп уақыт болуға әрекет жасаңдар. 
9. Жақсы сөзбен жылан інінен шығады, жаман сөзбен адам діннен шығады. Жылы жүзді болайық!
10. Өз қатеңді мойындай біл! Қатеңді жылдам және қатаң түрде түзет!
11. Шағым жасау әдетінен бастарт!Сенің проблемаң басқаларды қызықтырмайды!
12. Ешқашан жаман сөз айтпа!Жаман сөз жылдам тарайды!
13. Көңіл-күйің төмен болса дем ал! Бұл өмірде бәріде өтіп кетеді деген сөздерді қайтала!Проблема шешудің бір жолы:Миға демалыс бер!
14. Досыңмен ұрысып қалған жағдайда көкейге бататын,ар-намысына тиетін әрекет жасама!Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді!
15. Таңмен жақсы ниет еткен болсаңыз,күннің екінші жартысында жақсылықтың нұры жаусын! Жақсы ниет,жарым ырыс!
16. Көп ізден!Өз біліміңді дамыт! Уақытың жетпей жатса да ізденгенді қойма!Оқу мен іздену-уақытыңды босқа кетіру емес! Уақыт-алтынға теңеледі.Өзгенің де өзіңнің де уақытыңды алма!!!