«Менің елім, менің жерім!» » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2021

«Менің елім, менің жерім!»

        2021 жылдың 22 желтоқсан күні  директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасы Ғ.Саудагеровамен бірлікте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің елім, менің жерім!» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Саудагерова, педагог-психолог Д.Иманбаева, Қ.Қанатова, әлеуметтік педагог Т.Нусипбековалар және де басқа да пән мұғалімдер қатысты. 

Мақсаты: а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
 б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
 

     Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
 Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
1-11 сынып оқушылары  Тәуелсіздікке арналған патриоттық әндерін шырқады және жүлделі орындар иеленді. Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева сөз алып қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.Шараға ұстазадар қауымы шәкіртеріне деген ризашылықтарын білдіріп тарасты. 

 




Похожие публикации:

09 февраль 2022 "Жырлайды жүрек!"
20 февраль 2018 Мектеп әкімшіліг