«Ұстаз – мектептің жүрегі!» » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2021

«Ұстаз – мектептің жүрегі!»

        2021 жылдың 4 қазан күні  кітапханашы М.Ноғайбаева мен педагог- ұйымдастырушы Н.Серкебаевамен бірлікте ұстаздар күніне арналған «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты тақырыпта мерекелік  шара ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің директоры Н.Суирбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Саудагерова, педагог-психолог Д.Иманбаева, Қ.Қанатова, әлеуметтік педагог Т.Нусипбековалар және де басқа да пән мұғалімдер қатысты. Дүниедегі мамандық атаулының төресі ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін оқытатын үйрететін мейірімді абзал жандар, «мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы» демекші ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.»Ұстаз болу- өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»- деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұсаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу- жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту деп  5,9,10, сынып оқушылары  өздерінің ұстаздарына деген жылы лебіздерін дайындаған ән билерімен жеткізе білді. 9 сынып оқушысы Байсалбаева Сандуғаш  «Ұстазым» әнін   айтып ұстаздарына деген махаббаттын әнмен жеткізе білсе, 5а сынып оқушысы Болатжанқызы Еркежан Мұғалімдер күніне арнап өлең жырын арнады. 5 ә сынып қыздарының орындауында   «Ұстаз ана» әнін тарту етті.  Шараға Ұстазадар қауымы шәкіртеріне деген ризашылықтарын білідіріп тарасты. 





Похожие публикации:

20 февраль 2018 Мектеп әкімшіліг