«Рухани уыз» » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2023

«Рухани уыз»

11 сәуір 2023 ж. «Д. Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде  «Рухани уыз» бағдарламасы аясында  оқыту семинары болып өтті.

Ата Заңымызда және басқа да маңызды құжаттарда айқындалғандай жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алуы және жан-жақты жетілуі, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтауы, ақпараттану,  денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – мемлекеттік саясаттың негізгі тармағы болып табылады.

Осы орайда Педагогика ғылымдарының кандидаты, Германия халықаралық біліктіліті арттыру және ақпараттандыру орталығының доценті «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісінің ҚР әдістемелік нұсқаулық байқауының 1-дәрежелі дипломының иегері Валиева Майра   Уәлиқызы мен «Шығармашылық шеберлікке баулу орталығы» ЖШС, директоры, құрылтайшы, Бельгия ХБАО (халықаралық біліктілікті арттыру орталығы) доценті «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі марапаты иегері, педагогика және психология магистрі Қажиева Гүлнар Тоқайқызы «Рухани уыз» бағдарламасымен таныстырды.

Мектебіміз біраз жылдан бері Валиева Майра  Уәлиқызымен бірлестікте оқу – тәрбие саласы бағытында жұмыс жүргізіп келеді. 2019 жылы «Инновациялық білім беру –мұғалімдердің коммуникативтік  - ақпараттық құзыреттілігін жетілдіру шарты» тақырыбы бойынша ғылыми эксперимент жұмысына, 2022 жылы «Мектеп оқушыларының ақпаратттық- коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда иновациялық білім беру технологияларының рөлі»  тақырыбы бойынша облыстық экспериментте өз жұмысын көрсетті.

«Оқыту  дегеніміз философиялық негізде білім беру,  ал, тәрбиелеу –  ұрпаққа адамгершілік өмір тәртібі мен  алуан түрлі өнер салаларынан тәлімгерлік үлгі беретін ұстаздық қызмет»   ұлы ғұлама Әл Фарабидің сөзі тегін айтылмаған.  Жалпыадамзаттық құндылықтарды саралап, оның  іргелі бөлшегі болып саналатын ұлттық құндылықтарға қатысты ұғымдарды нақтылау ізденісін бірнеше бағытта жүйелеп, ой елегінен өткізіп, ерекше тағылымын бойына сіңіре алған ұрпақтың өз ұлтының қадір-қасиетін, тарих толқынындағы қилы тағдырын танып, өз ұлтын жанымен сүйіп, бағалай білетін ұлтжанды тұлға болары анық. Осы мақсатта «Рухани уыз» тәрбие бағдарламасының авторы - Гүлнар Тоқайқызы Қажиева  білім беру жүйесіндегі тәрбие беру ісін дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық құндылықтар негізін басшылыққа ала, ізденісімізді ұлғайта отырып, республикалық  экспериментте мектеп ұжымымен бірлесе отырып жұмыс жасау керектігін атап өтті.

 Майра Уәлиқызы «Рухани уыз» бағдарламасы  кең ауқымды жоба екенін және мектептің оқу-тәрбие үдерісі арқылы жас ұрпақ бойында  дербестігі, тәуелсіз болуы, өз-өзін басқара  алуы, денінің саулығы, ізеттілік, инабаттылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылатындығын тілге тиек етті. Бағдарлама авторы Гүлнар Тоқайқызы, «Рухани уыз» бағдарламасының мақсаты мен міндеттеріне кең көлемде тоқталып өтті.

Бағдарламаның негізігі ерекшеліктеріне түсіндіре отырып,   бағдарлама аясында төменде аталған басты қағидаттарды негізге ала отырып жұмыс жасау керектігі айтылды

-Мектептегі оқу-тәрбиені ұйымдастыру

- Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы басты ұстанымдар

-Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

- Ауыл көлемінде жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстар

-Әдептілік ережелері

-Оқушылар үшін кеңестер

 -Педагогтардың ата-аналармен қатынасындағы қағидалар:

 - Ата-аналармен атқарылатын жұмыс мазмұны

  - Халықтық педагогиканың қазаққа тән өзіндік ерекшеліктері


Халықтық педагогика негізінде мектептің, ата-ананың, жұртшылықтың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың басын біріктіре отырып, ынтымақта жұмыс жүргізу бағытына тоқтала келе, халықтық педагогиканының адам өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық, меймандостық дәстүрлер-ұлттық мәдениетті көрсететін ерекшеліктерін үнемі басшылыққа ала отырып,

«Рухани уыз» бағдарламасы негізінде алдағы уақытта мектебімізде жүргізілетін іс –шара жоспары талқыланды.  . 

 Тәрбие жайындағы өзінің бір сөзінде Гүлнар Тоқайқызы тәрбиенің үлкені «Өнеге» екенін, өнегелі болу үшін еңбектену керек екендігін еске салып өтті. Ұрпақтың бойына қайырымдылықтың, ізгіліктің дәнін себу керек, ал, ол үшін барлығы ұлттық тәрбиеден бастау алатыны белгілі..Ұсынылып отырған бұл бағдарлама 2023-2026 жылға дейін республикалық масштабтағы жоба екенін айта келе, бағдарламадағы бөлімдерді жіктеп түсіндіріп бере отырып мектепте «Тәрбие орталығын құру», «Ата- аналар мектебін» көбейту, «Ұлттық экономика құру», «Ұлы дала мұрасы», Жәдігерлер жинау сондай-ақ кемінде 50 жыл сақталып тұрған жәдігерлерді жинау оларды мұражайға әкелу сынды ой-пікірімен бөлісті. Оқушылардың бойына сәлемдесу әдебін қалыптастыру, үзіліс сәтін ұйымдастыру, өнеге минуттарын ендіру,сөйлейтін қабырғаларды ол жерге ұлы тұлғалардың ғибратты сөздерін оқушы өздері безендіргеннің мәні зор екенін түсіндірді. Мектептегі тәрбие жұмысын жүйелеу. Сабақтың мақсатын құндылықтарға бағыттау керектігін айтты. Бағдарлама аясында мектебіміздің ұлағатты ұстазы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Серік Сулейменұлы Оразалиев, жас ұрпақты әдепті де саналы, арлы да абыройлы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне тірек арта отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды саналарына сіңіре білуіміз қажет деп өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар мектебіміздің директоры Нуржамал Қаршығақызы Суирбаева, «Рухани уыз» бағдарламасы  бойынша   оқу-тәрбие жұмыс жоспарыны құрылғанын, жұмыстың барысымен таныстырды. Бабалар тағылымы,Ұлы Дала философиясының даналық қағидаттары елді сүю, Отанды қорғау, ұлтын қастерлеу баба мұрасына құрметпен қарау, шынайы құндылықтарды танып үйренуге бағыттайды. Мектептің оқу-тәрбие мазмүнын оқушының функцианалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағыттай құру және сыныптан тыс жүргізілетін қолданбалы курстарын, үйірме жұмыстары, зерттеу топтарын құру  тағы сол сияқты жұмыстарды жүргізсек ұрпақты тәрбиелеуге мол үлес қосқан болар едік деп өз пікірін білдірді. «Білім әлемдік- тәрбие ұлттық» болу керек деген ғибратты сөзбен ойын қорытты.

     Бастауыш сынып мұғалімі Назкеш Алимбайқызы Жылқыбаева, ұлттық тәрбиеден нәр алған адам-рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өскен бала жеке тұлға болып қалыптасуына арқау болатын бұл бағдараламаның рөлі ерекше деп тапты.

      Қорыта келе, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде ұлттық құндылықтарымызды жетілдіру өте маңызды. Ал ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз сөзсіз. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Гүлнар Тоқайқызы Қажиеваның «Рухани уыз» бағдарламасының маңызы орасан зор.