«Ұлы дала елбасы – ел мақтанышы!» » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2021

«Ұлы дала елбасы – ел мақтанышы!»

«Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік   мекемесінің   30 қараша Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлы дала елбасы – ел мақтанышы» атты  мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Қоғамды елдің Тәуелсіздік жылдарында, қазіргі уақытта іргетасы болып табылған және болашақта іргетасы болып табылатын Мемлекет басшысының идеясы мен саясатының айналасына біріктіру.    Адамның ізгі адамгершілік, достық, ынтымақ- бірлік, бейбіт өмір жарасымды тіршілік иесі екендігін, олардың игілікті істерге қызмет етуі тиіс екендігін жас ұрпақтың санасына жеткізу. Оқушыларды ел жандылыққа тәрбиелеу. Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
 
          2021 жылдың 30 қараша күні  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Саудагерова, педагог-ұйымдастырушы Н.Серкебаевамен бірлікте Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлы дала елбасы – ел мақтанышы» атты тақырыпта мерекелік  шара ұйымдастырылды. Шараға мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева, педагог-психолог Д.Иманбаева, Қ.Қанатова, кітапханашы М.Ноғайбаева, әлеуметтік педагог Т.Нусипбековалар және де басқа да пән мұғалімдер қатысты. 

            Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазақстаның болашағы - дарынды жастар қолында» демекші әр сыныптың оқушылары сахна төрінде бас қосып, өз өнерлерін көрсетті. Өнерлі, дарындылардан жиналған   оқушылар Тұңғыш  Президентке арнау өлеңдер жолдары, дайындаған ән билерімен жеткізе білді. 9 сынып оқушысы Байсалбаева Сандуғаш  «Елбасы» әнін   айтып еліне деген махаббаттын әнмен жеткізе білсе, 5а сынып оқушысы Болатжанқызы Еркежан Тұңғыш Президент күніне арнап өлең жырын арнады. 0 сынып қыздарының орындауында   «Балақай» әнін тарту етті.  Шараға Ұстазадар қауымы шәкіртеріне деген ризашылықтарын білдіріп тарасты.











Похожие публикации: