«Қарттарын қадірлеген ел ардақты!» » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарттарын қадірлеген ел ардақты!»
01
октябрь
2021

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты!»

           "Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 Қазан қарттар  күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты шара ұйымдастырылды

     2021 жылдың 1 қазан қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта  іс шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқушылардың бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, үлкенді құрмет тұтып адал да,  парасатты болуға, өз халқының салт дәстүрін әдептілік туралы нақыл сөздерді, алтын ақылдарды үйрету арқылы адамгершілікке,ұқыптыллыққа кішіпейілділікке тәрбиелеу.

      Аталмыш шараға ауылымыздың  қарттары шақырылып, мектебімізідің  басшысы Н.Суирбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Нусипбаева, Ғ.Саудагерова, кітапханашы М.Ноғайбаевалар қатысты. Оқушыларымыз өздерінің қарттарға деген өлең жырларын, ән билерін арнады. Шара соңында ауылымыздың   шақырылған қонақтарымыз  өмір жолындағы қызықты оқиғалары туралы ой бөлісіп, өздерінің бата тілектерін айтып, ризашылықтарын білдіріп тарасты. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты – деп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева өзінің ыстық лебізін білдірді.