"Жырлайды жүрек!" » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2022

"Жырлайды жүрек!"

2022 жылдың 9 ақпанында "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын М.Мақатаевтың туылғанына 91 жыл толуына арналған "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, педагог-ұйымдастырушы Н.Серкебаева "Жырлайды жүрек!" атты 8а, 8ә, 9а, 9ә, 10а, 10ә сыныптар аясында зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Сайысқа жоғарыда аталған сыныптардан 3 оқушыдан қатысты. Аталмыш шараға мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева, мектеп психологтары Д.Иманбаева, Қ.Қанатова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Нурпейсова, әлеуметтік педагог Т.Нусипбекова, кітапханашы М.Ноғайбаева және оқушылар қатысты. Әділқазы мүшесі сайланып алынды. Сайыс 7 кезеңнен тұрды.
1. Таныстыру. 
2. «Поэзия, менімен егіз бе едің?!». 
3. «Мен қаншалықты білемін?» сұрақ-жауап. 
4. «Жылдар сөйлейді» 
5. «Айтылар естеліктер мен туралы...». 
6. «Аққудың қанатына жазылған жыр». 
7. «Жүрегімді менің өлеңдерімнен ізде». 

Қатысқан оқушылар ақынның өлеңдерімен, поэмаларын оқыды. Қойылған сұрақтар бойынша жауап беруге тырысты. Сайыс қызықты, әрі көңілді өтті. Шара соңында жақсы ұпай жинаған 8а, 10а, 9а, 9ә сыныптар марапатталды. Мұқағали Мақатаевтай ұлы ақынның атын ардақтап, мұрасын насихаттап жүрейік!



Похожие публикации:

20 февраль 2018 Мектеп ұжымы