«Ұлы дала ұланымыз» » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2022

«Ұлы дала ұланымыз»

«Д.Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі тақырыбы айлығы аясында, 04.05.2022 күні педагог-ұйымдастырушы Н.Серкебаева мен АӘД пәні мұғалімі Д.Ембергеннің ұйымдастыруымен  «Ұлы дала ұланымыз» атты 4-7 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы болып өтті. 

Мақсаты:
 
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
 б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.

 
Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады. 

     4-7 сынып оқушылары  Тәуелсіздікке арналған патриоттық әндерін шырқады және жүлделі орындар иеленді. Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева сөз алып қатысқан оқушыларға алғысын білдірді. Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. 









 

Похожие публикации:

09 февраль 2022 "Жырлайды жүрек!"
20 февраль 2018 Мектеп әкімшіліг