Біз біргеміз! » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
июль
2020

Біз біргеміз!

Біз үйдеміз,
Тәжірибе алмасуда біргеміз!

2020 жылы маусым айының 15-і күні мектебіміздің әкімшілік және шығармашыл мұғалімдері құрамымен ««Мәңгілік Ел» құндылықтары аясында мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық қызметінің ұйымдастырылуы» тақырыбында Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Майра Валиеваның ұйымдастыруымен ой бөлісу, мағлұмат алмасу, әдістемелік бағыт беру мақсатында қашықтықтан диалогтік алаң откізілді.
Диалогтік алаң барысында М.Валиева облыста «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, бақылау-басшылық жасау қызметінің бағыттары» тақырыбындағы жүргізіліп жатқан озық тәжірибені жинақтау, тарату жұмысының мақсаты мен міндеттері,соған орай күтілетін нәтижесіне тоқталып өтті.
Мектеп әкімшілігі тарапынан оқу-тәрбие үдерісін «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде ұйымдастыру, бақылау-басшылық жасау бағытындағы мамандардармен жоспарлы жүргізілген іс-шаралар, мектеп жетістіктері баяндалды. Шығармашыл ұстаздар жүргізілген жұмыстар мен олардың нәтижесіне сараптама жасады.
Диалогтік алаң 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында озық іс-тәжірибе жұмысының тарату кезеңі бойынша атқарылатын жұмыстармен таныстырылып, тиісті әдістемелік нұсқаулар берілумен қорытындыланды.
Қазіргі күн талабына орай қашықтықтан тиісті әдістемелік көмек бағытында жұмыстарды ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына, әдіскер-жетекшіміз Майра Уалиқызына АЛҒЫСЫМЫЗ шексіз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

                                                                                                      Суирбаева Нұржамал Каршыгаевна