"Менің интернетсіз бір күнім!" » "Шарынская средняя школа с дошкольным миницентром"
Алматы облысыбілім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-6-73
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-6-73
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2022

"Менің интернетсіз бір күнім!"

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 4 сәуір - Халықаралық интернет күніне орай дәстүрлі "Қауіпсіз интернет" компаниясын өткізу хатының негізінде "Д.Қонаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  "Қауіпсіз интернет" он күндігі өткізілді. Педагог ұйымдастырушы Н.Серкебаева мен информатика пәні мұғалімі А.Бегасилова 7 сәуір күні 8-11сыныптар арасында "Менің интернетсіз бір күнім" дөңгелек үстелін өткізді. 
Мақсаты: 
Оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны жайлы түсінік бере отырып, ғаламтордан болатын зиянды әдеттерден, бұрыс жақтарынан сақтануға тәрбиелеу;
Ғаламтормен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу;
Бүкіләлемдік өрмек – ғаламторға байланысты ақпарат жинақтау, қорытындылау.
Оқушылардың ғаламтор зияны, пайдасы туралы ойларын қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, ынтымағын, тіл байлығын дамыту.
    Іс-шараға директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары М.Нусипбаева қатысып, сөз алып ұлы ақын Абайдың, батыр атамыз Б.Момышұлының адалдыққа, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа шақырған сөздеріне мысал келтіре отырып, оқушылардың бойындағы жақсы қасиеттер мен білімге деген құштарлығын жани түсті.