11
март
2020
Тамақтану туралы
"Шарын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019-2020 оқу жылының 1 жартысында жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 103 окушы тамақтанды.Оқу жылының 2 жартысынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 64 қаулысын,2019жылғы 30 желтоқсандағы 64 қаулыға өзгеріс енгізу туралы 1005 қаулысын басшылыққа ала отырып мектеп асханасынан "Аз қамтылған " отбасы балаларына 62 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда.Тамақтың сапасы, құнарлылығы жоғары.Тамақтану рационында дәруменге бай көкөніс, жемістер, балық еті, бал сияқты азық-түліктердің болуы,сертификатының болуы бракераж комиссиясы мен мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі қадағаланып отырады. Азық-түліктің асханада санитарлық гигиеналық талаптар толық орындалып, оқушылардың алаңсыз тамақтануына жағдай жасалған.